«Биыл Қызылорда шаһарына – 206 жыл. «Қала күні» мерекесін тойлау қыркүйек айының 17-ші жұлдызынан бастау алады. 12 қазанға дейін арнайы бекітілген жоспар бойынша түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Тақырыптық сүйемелдеу, қала қонақтары мен тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында көшелер мерекеге сай безендіріліп, естелік суреттерге түсетін фотозоналар қойылады» – деді бөлім басшысы Жағыпар Айтбайұлы.
«Қала күні» мерекесінің ашылу салтанаты ретінде 17 қыркүйек күні, сағат 19:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде шаһар тұрғындары мен қонақтарына қалалық «Жастар театрының» «Неге, жаным, шығарып сала алмадың?» атты лирикалық драмасы ұсынылады. Мерекелік шаралар легі поэтикалық дуэль, жастар кеші, дәстүрлі кітап көрмесі, республикалық ақындар айтысы, жас суретшілер байқауы, вокалды аспапты ансамбльдердің дәстүрлі фестивалі, тазалық акциялары, облыстық фотографтар байқауы, түрлі спорттық және интеллектуалдық сайыстар, отбасылық квиздер, зағип және нашар көретін азаматтар арасындағы республикалық өнер байқауы, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, ат бәйгесі, театрландырылған қойылыммен жалғасып, гала-концертпен қорытындыланады.
Мерекелік іс-шаралардың өтетін уақыты мен орны қала әкімдігіне қарасты ресми парақшаларда жарияланып тұрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!