Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалының құзыреттілері неге үнсіз?!

22.05.2020, 18:50 1252

Облыс  әкімі  Гүлшара  Әбдіқалықованың  назарына

HALYQLINE.KZ  Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – бұқараның көзі, құлағы һәм тілі» деген қанатты сөзі бәрімізге мәлім. Десе де, осынау даналық лебіздің соңғы кезде қадірі қаша (турасы, қолдан кетіріп) бастағандай ма, қалай?! Бәлкім, кейбір оқырмандарымыз әлеуметтік желі, басқа да озық үлгідегі, жылдам хабар тарататын ақпарат құралдары бар ғой деуі мүмкін. Оған ешқандай таласымыз жоқ. Бірақ… Әр дүиенің өзіндік салмағы, оқырмандары мен көтеретін жүгі болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Газет тілшісінің мақала жазарда, тележурналистің оқиғаны түсіргенде нақты дерек, шынайы фактіге сүйенетіні, әр сөзге, сөйлемге жауапкершілікпен қарайтыны тағы рас. Бұған елімізде қазіргідей пандемия қаупі туындаған сәтте мемлекет басшысынан бастап, министрлерге дейін көпшілікті ресми ақпаратқа назар аударуға шақыруы дәлел болады.

Оған қоса, еліміздегі жүзеге асып жатқан көптеген жағымды жаңалықтарды, рухани жаңғыру аясындағы абыз бабаларымыздың ғибратты ғұмырын, тағылымға толы өмір жолын, есімін ұлықтау мақсатында тер төгіп жүрген журналистер қауымының еңбегі көпке аян.

Енді айтар сөзіме кірісейін. Мұрат Ергешбаевтың Қазалы ауданы әкімі қызметіне 2017 жылдың қазан айында тағайындалғаны көпшіліктің есінде шығар. Мұрат Нәлхожаұлының аудан әкімі қызметіне кіріскен соң көп ұзамай аудан орталығынан, Қазалы қаласынан қатынап жұмыс істейтін басшылардың мәселесіне көңіл бөлгені бізді қатты қуанқан еді. Мұндай бастаманы М.Ергешбаевқа дейін Қазалы ауданының тізгінін ұстаған Нажмадин Шамұратов та қозғаған болатын. Сол ескі тақырыпты Мұрат Нәлхожаұлы жүзеге асырса, неге қуанбасқа?! Алайда аздап қозғалыс жасалғанымен, толық шешімін таба қойған жоқ.

Бұл жайтты биыл тағы да көтердік. «Халық» газетінің №10 (12 наурыз 2020 жыл) санында «Қазалының құзыреттілері қашанғы қатынайды?!» деген тақырыппен мақала жарияланды.

Мақала жарық көргелі де екі айдан астам уақыт өтті. Қазалы ауданының құзыреттілерінен хабар жоқ. Аудан әкімдігі жауап қайтаруға асығар емес. Бір қызығы, әлеуметтік желідегі парақшама 16 мамыр 2020 жылы Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаевтың, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың назарына «Әкім қайда қарайды?!» атты кенттегі аяқ су мәселесінің келеңсіз жайын айтып, мақала жазған едім. Оқырмандарым жақсы қабылдап, көптеген пікір қалдырды. Ал келесі күні, яғни 17 мамырда Қазалы ауданы әкімдігі жауабын жазды. Жылдам жауап жазғаны дұрыс-ау… Дегенмен, газет көтерген орынды мәселеге наурыз айынан осы күнге дейін Қазалының құзыреттілері неге тым-тырыс отырғанын түсіне алмадық, Әлде басқаша себебі бар ма? Қалай десек те көңіл қынжылтатын жайт. Бұған Қазалы ауданы әкімдігі қандай жауап қайтарар екен?

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: