Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданында мал басында өсім бар

26.08.2024, 11:50 233

Бүгінде Арал ауданындағы ауыл шаруашылық саласы жыл сайын жаңа көрсеткіштерге қол жеткізіп, қарқынды дамып келеді. Соңғы алты ай көлемінде өсім 101,8 пайызды құрауы сөзімізге дәлел. Аудан бойынша облыстық межеге сәйкес 2024 жылға егіс көлемін арттырудың межесі 910 гектарды құрап, 1014,7 га жерге егістік дақылдары отырғызылды. Су үнемдеу технологиялары бойынша 117 гектар жерге егіс егу жұмыстары жүргізілген. Бұь туралы Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологиясын пайдалану мақсатында «Camel Pro» шаруа қожалығы 800 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы мал азығын дайындау үшін 16 жаңбырлатып суару қондырғысын пайдаланып, жоңышқа дақылын егуді жоспарлауда. Қазіргі таңда аталған шаруа қожалық әрқайсысы 50 гектарға арналған 4 жаңбырлатып суару қондырғысын орналастырды. Қосымша 2 қондырғыны орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кіші Арал теңізіне өткен жылдың осы кезеңінде 6 м3/сек су түскен болса, 01.08.2024 жылы 70 м3/сек су түсуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге артық, – деді Аманжол Сақыпұлы.

Ауданның мал шаруашылығында да айтарлықтай өсім байқалады. Соңғы үш жылда 4 түлік мал 30 мыңнан астам басқа өскен.

Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де артқан. Өткен жылдың қантар-маусым айларымен салыстырғанда сиыр сүтін өндіру 101,5пайызға артығымен орындалып отыр.

Балық шаруашылығына келетін болсақ, аудан аумағында Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл бар.

Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 16 түрі ауланады. Есепті кезеңде 5489,2 тонна балық ауланған болса, өңделген балық 3105 тонна болды.

Негізі, облыстағы су айдындарының басым көпшілігін Арал ауданы құрайды. Соңғы жылдары Кіші Арал теңізіне түсетін судың көлемі едәуір азайды. Тиісінше ондағы балық қорының да мөлшері айтарлықтай төмендеді.

Ендігі кезекте балықты молайтып, ата кәсіпті үзбей, саланы әртараптандырудың өзге де жолдарын іздестіру арқылы оны дамыту біз үшін аса маңызды болмақ,- деді Аманжол Сақыпұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: