Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандағы 10-ға жуық елді мекеннің электр желісі жаңарады

11.08.2024, 16:45 259

Бүгінде Жаңақорған ауданындағы 35 елді мекенге орталықтандырылған таза ауыз су жүйелері жүргізілген. Ал, электр желілерін жаңғырту мәселесін шешу мақсатында 10 жоба жүзеге асырылып, 9 елді мекеннің электр желілік жүйелері жаңғыртылмақ. Айта кету керек, аудан орталығы мен 19 елді мекеннің электр желілері толық жаңғыртудан өткен соң электр тарату жүйесінің тозу көрсеткіші 75 пайыздан 25 пайызға дейін төмендейтін болады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Жыл басында Шалқия, Құттықожа, Кейдер ауылдарындағы газдандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Одан бөлек газдандыру бойынша тағы 3 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 40 жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған Жаңақорған кентіндегі темір жол үстінен өтетін көпір құрылысына демеушілер есебінен жоба дайындалып, сараптамадан өткізілді. Ал, аудандағы 4 елді мекеннің 7 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, 8 ауылдың 27 көшесі жарықтандырылатын болады, – деді Мәжит Самитұлы.

Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында 6 711 шағын және орта кәсіпкерлік субъекті бар. Аудандағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба шеңберінде 82 жобаға мемлекеттік грант берілген. Аудан әкімінің айтуынша, биыл “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында биыл 101 жоба қаржыландырылып, 145 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

– Тұрғындардың табысын арттырудың бірден бір жолы тұрақты жұмыспен қамту болғандықтан, жұмыссыздарды нәтижелі жұмыспен қамтуға баса мән беріп отырмыз. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 3 050 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 2 468 азамат қамтылды. Жалпы, хабарласқан тұрғындардың 72,4 пайызы жұмысқа орналастырылды. Есепті мерзімдегі ресми жұмыссыздар саны – 1 654 адам болып, жұмыссыздық деңгейінің 5 пайызын құрап отыр, – деді Мәжит Самитұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: