Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлттық мектеп лигасы» жеңімпаздарына сый-құрмет көрсетілді

31.07.2024, 8:35 312

HALYQLINE.KZ

Арал ауданы әкімі А.Оңғарбаев ҚР оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында футзалдан 9-11-сынып оқушылары (ер балалар) арасындағы «Теңбіл доп» республикалық жарысына Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі №177 орта мектебінен қатысқан жас спортшыларды қабылдады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін өрендерді жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

– Бүгін жасөспірімдердің жарқын жеңісі қарсаңында бас қосып отырмыз. Ең алдымен жетістікке жеткен команданы бүгінгі жеңістерімен құттықтаймын! Бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде мектеп оқушылары арасында дене шынықтыру мен спортты өмір салтының бір бөлігіне айналдырған дарынды балалардың өсіп келе жатқаны қуантады, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ аталған доданың маңыздылығын айтып, жарыс жолындағы команданың жарқын жетістіктеріне қысқаша тоқталды. Мұндай ерекше нәтиженің артында мектеп командасын жарысқа дайындаған бапкерлердің де еңбегі тұрғанын атап өтті. Жарыс жолында жеңімпаз атанған команда мүшелерінің ата-аналарына және К.Сүлейменова бастаған №177 орта мектеп мұғалімдеріне алғысын білдірді.

Жеңімпаз атанып, облыс және аудан мерейін үстем еткен оқушылар аудан әкімінің Құттықтауымен марапатталды. Олардың осы жетістігіне лайықты сый-құрмет көрсетілді.

Жиын соңында оқушылардың ата-аналары да жарқын жеңістерімен аудан мерейін асырып жатқан жас спортшыларды құттықтады. Сондай-ақ жеңімпаз командаға және мектеп ұжымына лайықты сый-құрмет көрсетіп жатқан аудан басшылығына риясыз алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: