Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXIV сессиясы өтті

30.07.2024, 10:20 328

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХIV сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудандық мәслихат депутаттары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобил жолдары және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұсыныстарына сәйкес аудандық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу сынды 5 мәселе қаралды.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары хабарлама жасап, депутаттардың дауысқа салу нәтижесімен тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия барысында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет сөз сөйлеп, сессияда бөлінген қаржылардың барлығын жыл аяғына дейін игеріп, жоспарлы орындау қажеттігін айтты.

Сонымен қатар Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы төрт жолақты жол құрылысының қаржысы шешіліп, тамыз айында жұмыстар басталатынын, жаңадан бой көтерген «Руханият» орталығының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланғанын айтты. Мұнан бөлек Жанқожа батыр көшесі мен «Жеңіс» саябағын абаттандыруға қаржы бөлінгенін, көлік кептелісін азайту мақсатындағы Жанқожа батыр және Т.Бөріқұлақов көшелерінің қиылысына жол айрықтарын салу және аудан орталығындағы Орталық алаң, «Жеңіс» саябағы сынды бірқатар халық көп шоғырланатын орындарға абаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатындығын жеткізді.

Сондай-ақ аталмыш жұмыстардың нәтижелі аяқталуына аудандық мәслихат депутаттарын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: