Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Париж-2024: Спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі

24.07.2024, 21:45 405

Ертең, 25 шілде күні, Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада медаліне таласты бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.

Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.

25 шілде күні жекелей сын өтеді. Спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады.

Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: