Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз балық аулап, айыппұл арқалады

19.06.2024, 9:10 151

HALYQLINE.KZ

Облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы Қызылорда қалалық сотына талап қоюмен жүгініп, жануарлар дүниесіне келтірген залалды жауапкерлерден өндіруді сұраған.

Қызылорда қаласының 4 тұрғыны балықты 9 қапқа салып, арнайы рұқсат құжатынсыз иемденіп, көлік құралының жүк салғышына тиеп алып, заңсыз тасымалдаған. Бір-бірімен жақын араласатын достар өзара келісіп, балықтарды көлікке заңсыз тиеп алып, Қармақшы ауданынан Қызылорда қаласына бет алған. «Самара-Ташкент» тас жолының бойында оларды полиция қызметкерлері тоқтатқан. Балықпен бірге көлік пен үрмелі қайық, тор аулар және шанышқы табылған.

Олар сот қаулыларымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 389-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 25844 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Сотта олар балықтарды заңсыз иемденіп, тасымалдағандарын, автокөлікке тиеп жатқан кезде тиісті рұқсат құжаттары болмағанын көрсетіп, кінәларын толық мойындаған.

Қызылорда қалалық соты талап қоюшы балық шаруашылығы инспекциясының талап қоюын қанағаттандырып, жауапкерлер О., Н., Д. және Қ.-дан ортақтасқан тәртіпте 1981000 теңге көлемінде залалды өндіру туралы шешім шығарды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: