Кеше Қызылорда қаласындағы орталық алаң ашылып, жұртшылықтың кешкі демалыс уақытында серуендеуіне қолайлы жағдай туды. Алаңдағы жаңашылдықтарға қала тұрғындары мен қонақтары ризашылық білдіруде, деп жазды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аймақтың бас қаласын көркейтуге ерекше маңыз беріліп, игілікті істің бірі орталық алаңда бастау алған болатын. Жоба бойынша алаңға субұрқақтар, қиыршық тас, жолжиек тас төселіп, жарық диодты шамдар қойылып, газон, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішіндемелер қойылды. Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да орналастырылған. Ы.Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылуда. Жоба аясында қала келбеті, орталықтағы негізгі көшенің бірінің бойы көріктене түспек. Осылайша күрделі жөндеу үшін көптен бері жабық болған алаң ел игілігіне табысталды. Бұл жоба кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асырылуда.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!