Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Борыш пен антқа адалдықтың үлгісі

18.06.2024, 16:40 172

HALYQLINE.KZ

Қалыптасқан дәстүрі мен өзара құрметі бар мықты отбасының басты көрсеткіші әулет болып табылады. Полиция қызметкерлерінің отбасылық құндылықтарының күші туралы кәсіби діндерден айтуға болады. Ішкі істер органдарында екі, үш және одан да көп ұрпақ қызмет ететін отбасыларда патриотизм, құрмет, қызметтік борыш сияқты ұғымдар жай ғана сөз емес.

Дәл осы династияда қызметке деген құрмет, борышқа деген адалдық, мамандықтың беделі бала кезінен басталады. Полиция туралы тек сериалдар мен кітаптар арқылы ғана емес, полицей мамандығының қаншалықты қиын және қауіпті екенін жақсы түсінеді.

Мұндай мысал Әзірбековтар отбасы бола алады. Әкесі Жорабек Әзірбеков ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында әртүрлі қызмет атқарған және өз мамандығына адал болған, бүгінгі күні отставкадағы майор бола отырып, өз балаларына лайықты үлгі болып келеді. Бүгінгі күні ол еңбек сіңірген қызметкер, ІІО ардагері, сондай-ақ көптеген награда мен медальдардың иегері болып табылады.

Қызы Шолпан әкенің ізін жалғап, полицей атанды. Қазіргі уақытта ол Қызылорда облысы ПД анықтау басқармасында қызмет атқарады. Қаладағы №136 орта мектепті үздік бітірген бойжеткен әке ізін жалғастыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңгер мамандығына оқуға түседі. Өзінің еңбекқор, ізденімпаз, тыңғылықты қасиетімен көптің көңілінен шыққан Шолпан мұнда да білімділігі мен біліктілігін көрсетеді. Оқуды ойдағыдай тамамдаған ол 2003-2008 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер басқарамасының кәмелеттік жасқа толмаған бөлімінде инспектор, аға инспектор қызметтерін атқарады.

Ал 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін анықтау басқармасында абыроймен орындап келе жатқан оның осындай қиын да қатерлі жұмысты ер адамдарша алып жүруіне отбасындағы салмақты да салиқалы тәрбиесінің ықпалы зор десек, артық айтқандық болмас. Олай деуге себеп те жоқ емес. Марқұм анасы Айгүл мен әкесі Жорабектің балаларына үнемі ешкімнің ала жібін аттамауды, өтірік пен өсекке үйір болмауды, адам баласының көз жасына қалмауды үйретіп отыруы Шолпан қыздың өмірлік кредосына айналады.

Қызмет пен отбасының берекесін қатар ұстап, шаңырағының ұйытқысы, адал жар, аяулы ана Шолпан қазіргі таңда екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Жұмысында салмақты, ер адамдарша қайыспас нардай іс тындыратын біздің кейіпкеріміз, ошақ басында мейірімді ана, аяулы әйел, құрбы-құрдасқа барынша ашық та шынайы.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Шолпанның қоғам үшін еткен еңбегі еленуде. Оған өзінің қызметіне деген адалдығы үшін ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» үздік медалі және 2 дәрежелі «ІІО-ның үздігі» медалі табысталған. Ал оның алған алғыс хаттары да жетерлік. Әрине, оның барлығы да – Шолпан атқарған қызметке берілген баға.

Қызылорда  облыстық  полиция  департаментінің  баспасөз  қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: