Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқыс оқиғаға ұшырағандар саны азаяр емес

11.06.2024, 9:20 201

Жаз мезгілі болса, судан келер қауіп көп. ТЖД мәліметіне сүйенсек, жыл басталғалы облыс аумағындағы су айдындарында рейдтік іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Дегенмен, оқыс оқиғаға ұшырағандар саны азаяр емес. Мамандардың айтуынша, суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан дейді. Бұл туралы облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев мәлімдеді.

– Жыл басынан бері облыста 8 адам су айдындарында оқыс оқиғаға ұшырап, қаза тапты. Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департамент бастығының «2024 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде күнделікті облыс көлемінде сағат 14:00 мен 21:00 аралығында жауапты сала мамандарын тарта отырып рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Қосымша рейдтерге Қызылорда қаласының су айдындарында дрондар пайдалануда. Жалпы Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 989 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 37 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 442 еріктілер жұмылдырылды, – деді Ғафур Әлиұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: