Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ХҚО-лардың жұмысы жанданды

19.05.2020, 10:35 459

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 18-ші мамырдан бастап аймақта ХҚО-лар өз жұмыстарын бастады.

Азаматтардың денсаулығы мен өміріне алаңдаушылық тудыратын вирустың таралу қаупінің сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

Енді азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі», электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ғана алады. ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы, egov.kz сайтындағы арнайы сервисі немесе TelegramBot қосымшасы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.

Айта кетейік, бұл жаңашылдықтар тек қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Ал аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында орналасқан бөлімдерде келушілердің ағыны қалаға қарағанда айтарлықтай аз болуына байланысты өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.

Сонымен, қалаға қарасты №1 бөлім (Ғ.Мұратбаев к-сі, 2 Е), №2 бөлім (Қорқыт ата к-сі, 123), №3 бөлім (Ақмешіт, 1 Б), №4 бөлім (Б.Асқар к-сі, 47), халыққа қызмет көрсету орталықтары және мамандандырылған бөлім (Жаңадария, 91 Б) кезек уақытын алдын ала брондау арқылы қызмет көрсетеді.

Ал көші-қон орталығы (Х.Бектұрғанов 70 к-сі, 47) мен аудандық бөлімдер бұрыңғы режимде жұмыс жасайтын болады. Жұмыс кестесі: 9:00-17:00.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Онда азаматтар өзіне қажетті қызмет түрлерін ала алады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары келесі мекенжайларда орналасқан:

– Қалаға қарасты барлық ауылдық округ әкімдігінің ғимараты;

– Ә.Тәжібаев облыстық кітапханасы;

– Сол жағлауда орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығы;

– «Бақытты отбасы» орталығы;

– Қаламыздағы автосалондар ғимараты;

– «Энергосервис» мекемесі;

– Барлық пәтер иелері кооперативтері ғимараты;

– Тұрғын үй жинақ банкі ғимараты;

– Қалаға қарасты барлық мектептерде;

Сондай-ақ, азаматтар мемлекеттік қызметтер және оларды өз бетінше қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты 1414 нөміріне хабарласып біледі, ондағы ХҚО операторларынан кеңес ала алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: