Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың талабы ескерусіз қалмайды

03.06.2024, 15:05 216

HALYQLINE.KZ

Қала әкімі Серік Қожаниязовтың халықпен кездесуі жалғасуда. Шаһар басшысы Ақжарма, Ақсуат, Қызылжарма ауылдық округінде болып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде ауылдардың ажары айшықтала бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің тікелей қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен қалаға қарасты елді мекендерде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында ауқымды жобалар сәтті жүзеге асуда.

Айтар болсақ, жуырда ғана Баймұрат батыр ауылында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасымен құны 422,5 млн теңгеге салынған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Амбулаторияда 9 қызметкер, яғни 1 дәрігер, 5 орта буын және 1 кіші буын медициналық, 2 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

Ақжарма ауылдық округіне табиғи газ тарту үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Қазір 19 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары басталды. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Талдыарал елді мекеніндегі көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Алдағы уақытта, 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, жарық бағаналарын орнату, арық жүйелерін жүргізу және Талдыарал елді мекеніне су тарату станциясының құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Ал, Ақсуат ауылдық округіне «көгілдір отын» келгелі кәсіпкерліктің өрісі кеңейді. Жұмыссыздық азайып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған әлеуметтік нысандар бой көтерді. Округтің биылғы бюджеті 322,7 млн теңгемен бекіп, бүгінгі күні ол 768,4 млн теңгеге жетті.

Жыл басынан бері 2 көшеге жарық бағаналары орнатылды. Алдағы күндері құны 1,3 млрд теңгеге 6 көше қайта жаңғыртылып, 3 көше күрделі жөндеуден өтеді. Елді мекеннің жаңа қоныс аумақтарындағы 32 көшеге электр желілері тартылады.

Сонымен қатар, Қызылжарма ауылдық округінің инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан 601,3 млн теңге бөлініп отыр. Бұл – үлкен қолдау. Бүгінде ауылдың 4 көшесі күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілсе, тағы бір көшеде күрделі жөндеу жүргізілуде. Енді «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2 көшеге тас төселеді. Жақын күндері 3 көшеге түнгі жарық орнатылады. Мұнан бөлек, 22 көшенің электр желісін жүргізу жұмыстары қолға алынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы мектептің біреуі осы ауылдан бой көтеруде. Салынып жатқан 600 орындық білім ұясының құны 4 млр. 600 млн теңгені құрайды.

Кездесулерде қала әкімі Серік Қожаниязов қалаға қарасты елді мекендерге мемлекет тарапынан жасалатын қолдаудың жалғаса беретіндігін, айтылған әрбір ұсыныстың ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: