Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отандық ғылым мен білім сингапурлық тәжірибемен толыға ма?

23.05.2024, 17:35 426

HALYQLINE.KZ

Сингапур елінен тәжірибе алу – тәуелсіздік жылдарынан бері айтылып келе жатқан шаруа. Оңтүстік-шығыс Азияның жолбарысына айналған «Арыстан қаласы» небір үздік реформаны ештеңеге қарамастан жүргізіп, ғылымы мен білімін әлемнің үздіктер қатарына енгізді. Бір ғана мысал, бір жылда елу мыңға дейін студентін шетелге оқытып алған тәжірибесі (еліміздің «Болашақ» бағдарламасы осы тәжірибеден шықты), бұл елде «ақ жағалылар реформасын» ойланбай жүргізіп әлемнің қарқынды дамыған елдерінің ондығына бір-ақ шығарған болатын. Міне, осы себептерден, бүгінгі Сингапурға мемлекеттік іссапардың маңызы осында деп білеміз.

Президент Қ.Тоқаев Сингапурдың премьер-министр Лоуренс Вонгпен кездесіп, білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, жоғары оқу орындар арасындағы кооперацияны арттыру, академиялық студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударған. Егер осы бастаманы еліміздің университеттері белсенді ала кетсе, бұдан ұтарымыз көп болады.

Бұнда сингапурлық білім әлемде өте жоғары бағаланады. Мысалы, Наньян технологиялық университеті мен Сингапур ұлттық университеті QS рейтингісінде әлемдік «үздік жиырма» университетіне кіреді. Керемет емес пе?! Әрі сингапурлық диплом әлем елдерінде жұмысқа тұру үшін жарамдылығы тағы бар. Әлбетте, отандық білім саласына серпін беруге, Сингапурмен серіктестік орнату – өте-мөте қажет тірлік.

Осы ретте жыл сайын 100-ге жуық қазақстандық студент Сингапурдың озық жоғары оқу орындарында білім алатынын айта кету керек. Жалпы, жоғары деңгейдегі ресми кездесуден аталмыш ынтымақтастықтың өркендей берітініне сенеміз.

Сингапур сапарында бірқатар экономикалық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық, жоғары білім беру т.с.с. ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Айта кетейік, бұл игі сапарға біршама университет те барды, соның ішінде отандық білімнің флагманы аталған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті де жүр. Әрине, болашақ президенттер мен премьер-министрлерді тәрбиелеп шығаратын педагогикалық бағыттың әлемдік тәжірибемен сусындауы заңдылық. Даму жолында еліміздің білімі мен ғылымы шарықтай бергей…

Мақсат  ЖАҚАУ,

саясаттанушы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: