Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте Қазақстан Республикасында туризмді дамыту және өрт шығу қаупі бар кезеңге дайындық туралы мәселелері қаралып, бірқатар тапсырма жүктелді.
Қазіргі таңда Жалағаш ауданы көлемінде 71 тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 1 ескерткіш – республикалық маңызы бар Жент қаласы және өңірлік маңызы бар қасиетті нысандарға жататын 4 киелі нысан бар.
Бұл ретте аудан әкімі Ардақ Ибраимов тарихи-мәдени ескерткіштер мен киелі нысандарға оқушылар мен жастардың баруын ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, киелі орындардың айналасын абаттандыру, олардағы инфрақұрылымның қолжетімділігіне баса назар аударылу тиіс екенін айтты.
Сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменовке туризм саласын жандандыру бойынша нақты жоспарлар мен тиісті ұсыныстар енгізу жүктелді.
Жалағаш ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың басынан бері мемлекеттік орман қоры жерлерінде 3 өрт оқиғасы болды. Жалпы көлемі 9,08 га болса, оның ішінде 1,6 га ормансыз жерлер болып табылады. Өрттен келген шығын 116,6 мың теңгені құрап отыр.
Болған оқиғалардың негізгі себептері далалық алқапта және жеке тұрғын үй аулаларында көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу және егін егу науқанына дайындық кезінде жиналған қоқысты, қураған шөпті өртеу, оны бақылаусыз қалдыру салдары жатады. Сондықтан табиғи өрттерді болдырмау үшін өрт шығу қаупі кезеңінде туындайтын орман, дала өрттерінің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында орман қоры жерлеріне рейдтік іс-шараларды тұрақты жүргізу қажеттігін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!