Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнеткердің құқығы қорғалды

24.04.2024, 8:35 175

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының тұрғындары Р. мен Ә. арасында пәтерді сыйға тарту шарты жасалып, егде жастағы әйел қайын сіңлісінің үйін алады. Өз кезегінде зейнеткер пәтерді банкке кепілге қойып, несие алып, ақшасын қайын сіңлісіне берген. Уақыт өте келе, аталған пәтерге байланысты тараптар арасында дау туған. Себебі, пәтерде зейнеткердің күйеуінің екінші қарындасы тұрып жатқан. Ол үйді босатпай, бұл пәтердің өзіне берілгенін айтқан.

Пәтеріне қол жеткізе алмаған зейнеткер Қызылорда қалалық сотына жүгінеді. Талап қоюында ол аталған пәтерді өз атына рәсімдеу кезінде ақша аз кетуі үшін сыйға беру шарты жасалғанын, шынына келгенде, пәтерді сатып алғанын көрсетіп, қазіргі таңда күйеуінің екінші қарындасы пәтерді босатпай, өзіне тиесілі пәтерді ала алмай отырғанын көрсетіп, оны үйден мәжбүрлеп шығаруды сұраған. Алайда, зейнеткердің күйеуінің екінші қарындасы талап қоюды мойындамай, даулы пәтерді меншік иесі болған Ә.-нің өзіне сыйға бергенін көрсеткен.

Аталған іске үшінші тұлға ретінде қатысқан «Б» акционерлік қоғамы даулы пәтер банк кепілінде тұрғанын және оның меншік иесі Р. екенін көрсетіп, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.

Сот отырысына үшінші тұлға ретінде қатысқан жеке нотариус тараптар арасындағы сыйға беру шарты заңға сәйкес өздерінің келісімімен жасалғанын, шарттың құқықтық салдары түсіндірілгені, өз еріктерімен қол қойғандарын, сол уақытта мұндай дау болмағанын көрсеткен.

Істі қарау барысында даулы пәтерге талап қоюшы зейнеткер Р.-дың меншік құқығы іске тіркелген құжаттармен объективті түрде расталды. Сот даулы пәтерде тұрып жатқан Г.-ны мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім шығарды.

Әрбір келісім құқықтар мен міндеттемелер туындатады. Сондықтан, әрбір азамат келісімдерге сәйкес өздерінің құқықтары мен міндеттемелерін біліп жүргені абзал.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: