Біртүрлі сөздер ме? Қанша біртүрлі болса да, біз оны үнсіз қабылдауға мәжбүрміз. Өйткені, оны «Қайсар» сапында ойнаған легионер айтып отыр. Иә, Беларусь елінен арнайы алдыртып, қалтасына қаржымызды құйдыртып, кейін санымызды соқтыртып кеткен келімсектің сөзі. Антон Матвеенко өз еліне оралғаннан кейін біз туралы бөспегені жоқ.
«Қазақстандағы жағдай өте нашар. Қызылордада адамдардан түйе көп. Алғаш ұшып барғанымда ойылған асфальтты көрдім. Әуежайда жүгімізді оңды-солды лақтырып жатты. «Қайсардың» базасы жаман емес. Тіпті, жақсы дер едім. Ал, жаттығу жасайтын және ойын өткізетін алаңның быт-шыты шыққан. Сол жылдары сапалы легионерлерді жинады. Ал, қазақтардың өзі онша емес…», – дейді әлгі Антон.
Өкініштісі сол, алдағы уақытта біз бұндайдың әлі талайын естиміз. Өйткені, биылдан бастап легионерлерге лимитті алып тастадық. Яғни, шеттен келем деген футболшыларға есігіміз айқара ашық. Олардың арасында Роналду мен Месси не Мбаппе мен Холландттар болса бір жөн. Жоқ. Осындай қыртқан біреулер ғана. Не ойын жоқ, не нәтиже жоқ. Есесіне, асыңды ішіп, аяғыңды теуіп кетеді. Қор болған қазақ футболы-ай…
Аслан КАЖЕНОВ
Дереккөз: 1bol.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!