Өңірімізде мүгедек жандардың мұң-мұқтажы қашан да назардан тыс қалған емес. Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі аясында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Волонтерлар орталығының ұйымдастыруымен игі амал жалғасын тапты.
Қызылорда қаласының тұрғыны, Нұрлыбек есімді жеткіншекке облыстық ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Айдана Ерболат пен Ажар Өткелбаева кресло-арба тарту етті. Азық-түліктей көмек берді.
Он бір жастағы Нұрлыбек тумасынан ауруға шалдыққан. Өкінішке орай өздігінен жүріп тұра алмайды. Бірақ спортпен айналысып, Тарлан орталығында жаттығып, қазір жағдайы жақсарып келеді дейді анасы. Нұрлыбек Н. Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің бесінші сыныбында білім алады. Өзі ән айтқанды жаны сүйеді. Наурыз мерекесінде үйіне келген қонақтарға да әуезді әнді шырқап берді.
Ал, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов қайырымдылық жасаушы жандарға риясыз алғысын білдіре отырып, отбасын, Нұрлыбекті әз Наурыз мерекесімен құттықтады. Мықты денсаулық, дертіне шипа беріп, қалыпты өмір дағдыларына оралуына тілектестігін білдірді.
Нұрлыбектің анасы мейірімді жандарға мереке қарсаңындағы сыйлығы үшін ризашылық білдіріп, аналық алғысын жаудырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!