Бүгін Қазалы ауданында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай “Отбасын қолдау орталығы” және “Сауаптан құр қалмайық” қорының ұйымдастыруымен “Жүрек жылуы” атты қайырымдылық марафоны өтті.
Марафонның басталу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Д.Тілеумбетов игі іске атсалысып жатқан барша жандарға аудан әкімдігінің атынан ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, азық-түлікті таратуға қол ұшын созып, көлікпен қамтамасыз етуде көмектесіп жатқан жүргізуші жігіттерге де алғысын айтты.
Марафон аясында аудандағы тұрмысы төмен 200 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!