Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путинді тұтқындауға ордер берген Томоко Аканэ халықаралық қылмыстық сотты басқарады

12.03.2024, 15:00 244

HALYQLINE.KZ

Халықаралық қылмыстық сот төрайымы қызметіне судья Томоко Аканэ сайланды. Розарио Сальваторе мен Рейн Алапини-Гансу оның орынбасарлары қызметіне орналасты.

Президиумның жаңа құрамы халықаралық сот сайтында жарияланды. Президиум мүшелері үш жылға сайланады.

«Судья әріптестерімнің мені Халықаралық қылмыстық сот төрайымы қызметіне сайлауы – мен үшін үлкен мәртебе» деп мәлімдеді Аканэ.

2023 жылғы наурызда Аканэ, Сальваторе және Серхио Херардо Угальде Годинеса Ресей президенті Владимир Путин мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы ұстау жөнінде ордер берген. Оларға Украинаның басып алынған аумақтарындағы балаларды Ресейге заңсыз депортациялады деген айып тағылған.

2023 жылғы наурызда Ресей тергеу комитеті халықаралық сот прокуроры Кәрім Ханға, сонымен бірге судьядар Сальваторе, Годинеса және Аканэге қарсы қылмыстық істер қозғаған. Кейін Ресей ІІМ оларды халықаралық іздеуге берген.

Фото: arbatmedia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: