Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап оқитын адам – табысты адам

29.02.2024, 15:15 502

HALYQLINE.KZ

Кітап оқу – ми жаттығуы десек, кітаппен достасқан адам ақылы толысып, парасатты бола түседі. Әрі өз ойын нақты, ашық айта алатын болады. Кітапты көп оқу ойлау жүйеміздің жақсаруына, қиялымыздың дамуына, сонымен қоса сөздік қорымыздың артуына өзіндік ықпал етеді.

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде студенттерді кітап оқуға үндеу мақсатында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Жақсы кітап – жан азығы» атты еркін форматта подкаст ұйымдастырылды. Қонақ ретінде №1 қалалық кітапхана меңгерушісі Жанар Сейталиева мен №1 қалалық кітапханасының кітапханашысы Жанат Абдирова қатысты.

Студент жастар өз кезегінде кітапханашыларға сұрақ қойып, маңызды сауалдарға жауап алды. Кітапхана ісінің білгір маманы Жанар Темірбайқызы жалпы кітапхана ережесінен бастап, бүгінгі таңда сұранысқа ие кітаптар жайлы ой бөлісті. Ал кітапханашы Жанат Байзаққызы студент жастарды кітап оқуға, білімді де саналы тұлға болуға үндеді.

Оқыған адамның күні қашан да жарық, мерейі үстем. Бүгінде балалар мен жасөспірімдер мүлде кітап оқымайды деген пікір бар. Дегенмен, оларға дұрыс кітап ұсыну арқылы олардың қызығушылығын оятуға болатынын естен шығармағанымыз жөн.

Алтынгүл САНСЫЗБАЙ,

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің кітапханашысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: