Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еске алу митингісі өтті

28.02.2024, 11:55 308

HALYQLINE.KZ

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 35 жыл толды. Осыған орай қаладағы Тағзым алаңында еске алу митингісі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шарада қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар, «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.

Іс-шара барысында «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.

Ардагерлерді еске алу және құрмет көрсету іс-шарасы салтанатты марапаттау жиынына ұласты. Онда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов ардагерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Бірқатар ардагерге 35 жылдық мерекелік төсбелгісі табысталды.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: