Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қонаевтың күйеубаласымын»: Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек шындығын айтты

23.02.2024, 17:10 6018

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында Советтік Қазақстанды ширек ғасыр басқарған белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа қандай қатысы бар екенін айтты.

«Әйелім – Дінмұхамед Ахметұлының жиені. Сара Қонаеваның немересі. Ол кісі Қонаевтың туған қарындасы. Өздеріңіз білесіздер, балалар арбасын өртеп кетті. Бұл қыркүйек айында болды. Әлеуметтік желіде жазғанмын. Арбаны өртеген үй Сара Қонаева тұрған қонысы болатын. Бұл үйге Дінмұхамед Қонаев қыспаққа ұшыраған кезде жиі келіп тұрған. Ол кісілер ешқашан байлық жинамаған. Мен жақсы білемін», – дейді Бақытжан Базарбек.

Ол қайын жұрты мемлекеттік биліктен еш нәрсе алмағанын, отбасы болып араласқанда осыған көз жеткізгенін айтты.

«Дүние жинамаған. Тәрбие солай болған. Біз тұтынып жүрген кесе, қасық – сол Совет Одағы тұсында Димаш Ахметұлы пайдаланған заттар. Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарымен салыстыруға келмейді. Адалдық, пәктігі – символы. Бәлкім, бір қателіктері болған шығар, бірақ қарапайымдылықтарын сақтап қалған», – дейді депутат.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: