Арал аудандық сотының қаулыларымен қылмыстық іс бойынша үш куәға сот отырыстарына келмегені үшін 5 АЕК мөлшерінде (18460 теңге) ақшалай өндіріп алулар қолданылды.
Куә азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен айыпталған Р.-дың қылмыстық ісі бойынша сот отырысының уақыты туралы тиісінше хабарланғандарына қарамастан, үш рет сот отырыстарына дәлелді себептерсіз келмеген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 160-бабына сәйкес, куәға процестік міндеттерді орындамағаны үшін ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін, сот өндіріп алуды осы бұзушылық анықталған сол бір сот отырысында қолданады.
Сот қаулылары заңды күшіне енбеген.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!