Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олжас Бектенов – ҚР Премьер-Министрі

06.02.2024, 14:30 179

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын тағайындауға келісім беру мәселесі қаралды.

Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды.

Депутаттар Премьер-Министрдің лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасын мақұлдады.

Пленарлық отырысқа қатысқан депутаттардың 69-ы Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 7-еуі дауыс беруден қалыс қалды.

Олжас Бектенов осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001). Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2006-2009 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.

2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Еске салайық, осыған дейін Amanat партиясы Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ұсынғанын жазған болатынбыз. Қазақстан Үкіметі отставкаға кетіп, бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады. Сарапшы таратылған атқарушы биліктің жұмысына баға берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: