Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Яшка Кошелектің Ленинді тонауы

06.02.2024, 7:00 255

HALYQLINE.KZ

Яшка Кошелек құрған банды Москваның халқын тонап үрейде ұстаса, Леонид Пантельев те «Революция бесігі» атанған Петроград қаласы тұрғындарына қарақшылықпен шабуыл жасап, атағы жер жарып жатты. Бұл қарақшыларды «Керенскийдің құстары» деп атады, уақытша үкімет төрағасы А.Ф.Керенский рақымшылық жариялап, қылмыскерлерді бостандыққа шығарған болатын.

Елде азамат соғысы жүріп жатқандықтан нағыз кадрлар майданға жіберілгендіктен, бандылармен күресетін кадрлар жетіспеді. Осыны білген Яшка Кошельков-Кузнецов (1890-1919) Москваның Сокольники ауданындағы кезекті пәтерді тонаған соң, оларды алып кету үшін көлік керек болып шоссеге шығады, Краснохоломск көпірі жағынан бір автомобиль келе жатады. Алдарынан атып шығып: «Тоқта» деп бұйырады, шопыр Степан Гиль артында отырған Сонарком төрағасы Ленинге қарағанда, ол: «тоқта» дейді. Яшка Кошелек бастаған төрт қарақшы шопыр мен күзетшіге нагандарын кезеніп тұра қалады. Яшканың өзі артқы орындықтағы адамның жағасынан сүйреп далаға шығарып: «сен кімсің?» дейді, ол қасқаның «Ленин» деген сөзін мотор даувсынан дұрыс естімей: «Левин болсаң, не қылайын?» деп қалтасындағы әмияны мен «брауниг» пистолетін алып, асығыс автокөліктерін тартып алып, тайып тұрады. Ленин жақын жердегі Сокольники аудандық атқару комитетіне барып, Москва қалалық ВЧК төрағасы Яков Петерске телефонмен хабарлаған соң, күшейтілген күзетпен дереу автокөлік жібереді. Тонаған заттарын тиеп болып жолда кетіп бара жатып, машинаның ішінде отырған Яшка Кошелек әмиянды ашып ішіндегі мандатта: «РСФСР-дің Совнарком төрағасы В.И.Ленин» деген жазуды оқып: «Дереу артқа бұрыл» деп қуанғанынан айғайлап жібереді. Оның басына асығыс түрде мынадай ой келді, большевиктерден үкімет басшысы үшін орасан зор ақша сұрап және Бутыркадағы барлық «қылмыс әлемінің серкелерін» босату талабын қоймақшы болды. Алайда, олар келгенмен орындарын сипап қалды.

Бұл оқиға 1919 жылдың 6 қаңтарында болды. Арада екі ай өткен соң, чекистер Яшка Кошелектің тоқтаған жасырын пәтерін табады, атыс үстінде барлық банды өледі, Яшка Кошелектің төсқалтасынан «Брауниг» тапаншасы шығады. Құдайға сенбейтін Ленинді құдай сақтап қалды.

Суретте: 1916 жылы Ресей полициясының қарақшы Яков Кошельковқа (Кузнецов) қозғаған ісіне тіркелген фото ашық  дереккөзден алынды.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: