«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты хабарлайды.
ҚР ЭГжТРМ-нің 30.12.2020 жылғы № 347 бұйрығымен «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеу үшін рұқсат құжаттар беріледі.
ҚР 09.07.2004 жылғы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» № 593 Заңының 45-бабына сәйкес, Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздеме негізінде жүргізіледі.
2024 жылға әзірленген биологиялық негіздемеге сәйкес, Қызылорда облысының көлемінде қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеуге лимит бөлініп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда көрсетіледі.
Р.Ж. Бурабаев,
«Қызылорда облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің бөлім басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!