Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

57 пиротехниканы тәркіледі

28.12.2023, 15:55 222

Жаңа-жыл қарсаңында базарлар мен дүкендерге әр түрлі пиротехникалық құралдар келіп түседі. Өзімізге белгілі, көптеген сатушылар өздерінің жеке бас пайдасы үшін оларды заңсыз сатумен айналысады.

Пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шараларын ұйымдастыруда.

«Пиротехника» профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 6 заңсыз сатумен айналысқан сатушыны анықтап, 57 дана пиротехникалық өнімдерді тәркіледі. Оларға қатысты пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 196-бабы («Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Рейд барысында полицейлер сатушылармен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқарма қызметкерлерінің мәліметі бойынша, пиротехниканы қажетті рұқсат құжаттарымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, мамандандырылған дүкендерде ғана сатуға рұқсат етілген.

«Пиротехникалық бұйымдарды қолдану нұсқаулығына сәйкес, барлық сақтық шараларын сақтаған абзал. Бұл, отшашулар әсіресе балалар үшін қауіпті. Барлық анықталған фактілер бойынша кінәлі адамдарды заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданатын болады», – деп хабарлайды полиция қызметкерлері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: