Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорған ауданында жаңа клуб ашылды

25.12.2023, 17:55 245

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданының Өзгент ауылдық округіндегі 150 орындық клубтың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәдениет – бұл ұлттың қуаты, рухани болмысы, ақыл-ойы, пайым-парасаты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деп атап өтіп, ауылдағы өмір сүру сапасын арттыруға баса мән беріп келеді. Мемлекеттің ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мәдениет саласын өркендетуге қажетті жағдайлар жасалуда. Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен бағаланады. Еліміздің, туған жеріміздің атын әлемге танытып жүрген талай өнерпаз ауылдан шыққан. Сондықтан мәдениет үйлерін, клубтарды бүгінгі заманның сұранысына сай ету аса маңызды. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен ашылатын 150 орындық жаңа мәдениет ошағы өскелең ұрпақты өнерге баулу орталығына айналады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.

Іс-шарада қоғам қайраткері, қаржы саласының ардагері Қалқазбек Әжібеков жерлестерін құттықтап, ауыл ардагері Құдайберген Базарбаев алғыс білдіріп, бата берді.

Жаңа клубтың ашылу рәсімінде бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шарадан соң аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен, ақсақалдармен кездесті.

Биыл облыста 150 орындық төрт клуб жаңадан салынып пайдалануға берілуде. Ақжол ауылында спорт кешені, Жайылмада 150 орындық клуб ашылса, Қызылорда қаласында отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүді дәріптейтін «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары қызметін бастады. 1000 орындық «Өнер» орталығының құрылысы жуырда аяқталып, пайдалануға берілмек. Келер жылы 7 ауданда салтанат сарайы, кітапхана, музей, архив және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталықтары салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: