Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұялы телефон ұрлығынан сақ болыңыз!

15.12.2023, 15:45 211

Елімізде ұрлық қылмысының ең көп таралған түрі – ұялы телефон ұрлығы екені рас. Оңай жолмен ақша табуды көздеген азаматтар, ұрлауға да, сатуға да оңай қалта телефондарын жымқыруды әдетке айналдырған. Олар өз ойын адам көп шоғырланған орындарда, сауда үйлері мен қоғамдық көліктерде жүзеге асырады. Ұялы гаджетті қоңырау шалуға сұрап, ашықтан-ашық алып кететін жағдайлар да тіркелуде.

Бейтаныс адамдарға ұялы телефонды ұсынудан аулақ болыңыздар. Және смартфоныңызға құпия код орнатып, киіміңіздің алдыңғы қалтасында сақтаңыз.

Егер, аталған қылмыстың құрбаны болған жағдайда, мүлкіңізді қайтару үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз;

  • Телефон ұрлығы туралы, полиция бөлімшесіне хабарлаңыз;
  • Мүліктің сізге тиесілі екенін растайтын құжаттар мен чекті, кепілдік талоны мен телефон қорабын алуды ұмытпаңыз;
  • Жеке IMEI кодыңызды есте сақтаңыз. Оны телефондағы құжаттардан білуге болады. Осы код арқылы полиция ұрланған смартфонды іздейді;
  • Ұялы байланыс операторына ұрлық туралы хабарлап, нөміріңізді бұғаттаңыз;
  • Банк қызметкерлерімен байланысып, картаңызды құлыптаңыз;
  • Поштаңыз бен әлеуметтік парақшаларыңыздың құпия сөздерін ауыстырғаныңыз абзал;
  • Қолданған ұялы телефондарды сату бойынша жақын маңдағы дүңгіршектерді шолып шығыңыз. Әдетте, тәжірибесі аз ұрылар телефоннан тезірек құтылудың амалын іздейді.
  • Аталған қылмыстың алдын алу үшін, сақтық шараларын бұлжытпай орындап, қырағы болғандарыңыз дұрыс. Сақтықта, қорлық жоқ!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: