Криминалдық сатира
— Полиция, біздің үйге ұры түсті. Сейфті ақшасымен қоса үптеп кетті, — деп, басекеңнің әйелі телефонмен бажылдады.
Ұры ұсталды. Сейфтен миллондаған доллар мен бриллианттар тәркіленді. Мемлекеттік қызметкердің үйінде мұндай байлық қайдан жүр?…
Мұны естіген күйеуі әйеліне бас салды:
— Жындысың ба? Полицияға неге арыз бердің? Енді олар үйге келеді, — деп қорықты.
Ауладағы алабай ырылдады. Есіктің қоңырауы шырылдады. Жәбірленушілер үркіп ыңылдады.
— Кешіріңіздер, осы үйге ұры түсті ме?
— Жоқ, — деді үйдің иесі.
— Бүгін әйеліңіз арыз берді. Біз ұрыны ұстадық. Дегенмен, осыншама қаржы мен алтын бұйымдардың табылуы сезік тудырып тұр, — деді полиция капитаны.
— Ойбай, қайным, айып етпеңіз, мен қателесіп кетіппін. Үйден ештеңе ұрланбады. Арызымды осы бойы қайтып аламын, — деп, басекеңнің әйелі жылмаңдады. Күйеуі түк болмағандай қылмаңдады.
Ұры да аң-таң, заң қызметкерлері де аң-таң.
Полиция:
— Азамат, сіз боссыз. Ешқандай қылмыстың ізі жоқ. Кешірім өтінеміз.
Ұры:
— Мына сейф ше? Мен ұрладым. Мойындаймын.
— Сейфте шаруаңыз болмасын. Тайып тұрыңыз, — деп ақырды.
Сонда ұры кім?…
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!