— Қарақтарым, жаман хабарды жая бермеңдер! Мал құлағы – саңырау. Жақсылықты жарнамалаңдар!
— Апа-ау, адамдар қазір жаман хабарды көп оқиды, көп көреді, жақсы хабар ешкімге қызық емес!
— Не дейді? Құдай, өзің кеше гөр! Қарақтарым, Құдайдың құлағын жақсылықпен түртіңдер!
***
— Үфффф, мына үйден адам арыла ма?! Шаршадым бәрінен!
— Келінжан, сабыр, айналайын! Бір-екі күнде абыр-сабыр басылады…
— Құрып кетсін бүйткен таусылмайтын туыстар!
— Тәйт! Олай деме! Әулеттен осы жалғыз бауырым ғана үбірлі-шүбірлі болған!
Көйлек сыртынан халат киіп, үлкен де болса үйдің тірлігіне араласып жүрген апаның иегі кемсеңдеп, босағаға отыра кетті…
***
— Балам, үйде үлкендер бар ма?
— Жоқ апа, әке-шешем түйе қарап кеткен…
— Қап…
— Жай сұрадыңыз ба?
— Мына көшеден үй алып едік, бір шәугім шай ішер замандас таппай жүрмін…
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!