Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта өрт оқиғасының басым бөлігі тұрғын үйлерде болған

20.11.2023, 17:20 288

HALYQLINE.KZ

Осы жылғы 10 айлық талдау барысында аймақта өрт оқиғаларының басым бөлігі тұрғын үй секторында (54,3%) болған. Сондай-ақ, автокөлікте 24,4%-ды құрады. Бұл оқыс оқиғалар тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауынан болуда. Бұл бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов мәлімдеді.

– Биыл жоспарға сәйкес, 13-17 қараша аралығында Қызылорда облысының көлемінде «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Жергілікті әкімдіктер арқылы облыс бойынша 1430 тұрғыны бар 15 тұрғын жатақхана тізімі нақтыланды. Іс-шараға Полиция департаментінің, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, жергілікті әкімдіктің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мекемесінің өкілдері мен мемлекеттік емес ұйымдардың еріктілері жұмылдырылып, бірлесіп барлық жатақханада тұрғындарға қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағында заңсыз жұмыс істеп тұрған және жеке тұрғын үй құрылыстарын жатақхана ретінде қайта жоспарлау жағдайлары анықталған жоқ, – деді Нұрсұлтан Жаңабайұлы.

Жалпы, жылу беру маусымына дайындық кезеңі басталғаннан бастап 35 мыңға жуық тұрғын үй секторының ауласы араланды. Жүйелі жұмыстың арқасында 452 тұрғын үйде 474 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылу жағдайлары анықталған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: