Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліліктер қандай мәселе көтерді?

07.11.2023, 8:35 266

HALYQLINE.KZ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шиелі ауданының тұрғындарын жеке қабылдады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған барлық құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Аймақ тұрғындарының ашықтық қағидатына негізделген қабылдаулардың тиімділігіне сенімі артқан. Өйткені мұндай кездесулерде азаматтар өздерін толғандырған мәселе жайлы сауалдарын қойып, ой-пікірлерін жеткізе алады. Кейбір түйткілдердің шешімі сол жерде табылып, келушілер ризашылығын білдіруде.

Бұл жолы Шиеліде 60-тан астам азамат қабылдауға келіп, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, жеке бизнес бастау және кәсібін кеңейту, аяқ су, қоғамдық көлік мәселелерін көтерді.

«Мен Еңбекші ауылдық округінің тұрғынымын. Облыс әкімінің қабылдауына келіп, үстіміздегі айналма жолдан қиыршық тас алып, оны 40-50 тоннадан үйіп тастағандардың әрекетінен жолдың бұзылғанын айттым. Аймақ басшысы оларды шақырып, мәселені түсіндірді. Мұның соңы апатқа әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертіп, жолды қайта қалпына келтіру үшін сәрсенбіге дейін уақыт берді», – дейді аудан тұрғыны Дүйсенбек Нұрбаев.

Облыс әкімі қабылдауға келген азаматтардың барлығын тыңдап, көтерілген мәселелерді мамандар тексеріп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасарлары мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары әр ауданда бір күн бойы жеке қабылдаулар өткізді. Тұрғындардың мәселелері қаралып, реттілігіне қарай шешімін тапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: