Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марапат алған ел жанашырларының толық тізімі

25.10.2023, 16:45 417

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы №377 Жарлығына сәйкес:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін:

«ПАРАСАТ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

ӘЛНАЗАРОВА Ақмарал Шәріпбайқызы медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Еңбек жолын қарапайым дәрігер ретінде бастап, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы қызметтерін абыроймен атқарып, бүгінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде Сенат қабырғасында өңірдегі ілкімді жобалардың жүзеге асуына қолдау білдіріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

«Шапағат» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.


БИСЕНОВ Қылышбай Алдабергенұлытехника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

1998-2007, 2011-2017 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, Қызылорда облыстық мәслихатының алты шақырылымының депутаты.

2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі  IV шақырылымының депутаты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.


БАЙМАХАНОВ Қожахмет Мәдібайұлы – Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.
Қожахмет Мәдібайұлы – білікті құрылысшы, Сенат депутаты ретінде іргелі бастамалар көтерген Сыр елінің белді азаматы.

Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында ерен еңбектің үлгісін көрсетті.


БАЙҚАДАМОВ Наурызбай Сейтқалиұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы. «Құрмет» орденінің иегері.

Наурызбай Сейітқалиұлы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, облыстық білім басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, аймақ дамуына өз үлесін қосып келеді.
Бүгінгі күні 100-ге жуық ғылыми-әдістемелік, саяси-әлеуметтік, аналитикалық мақалалардың авторы.


ҚҰЛБАЕВ Алданберген – «Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы. Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері.

Алданберген Құлбаев 40 жылдан аса ауыл шаруашылық саласында абыройлы әрі жемісті еңбек етіп, Сыр елінің аграрлық саласының дамуына сүбелі үлесін қосуда.

Өзі басқаратын шаруа қожалығы жыл сайын өтпелі қиындықтарға қарамастан егіннен мол өнім алып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.


ӘУБӘКІРОВ Асқар Әкімбайұлы – «Кристалл Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Директорлар кеңесінің төрағасы, меценат, «Құрмет» орденінің иегері.

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаланың абаттануына айрықша үлес қосқан жанашыр азамат.

Асқар Әкімбайұлының демеушілігімен құны 1 млрд теңгеге Қызылорда қаласынының орталық алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.


ҚАРСЫБЕКОВ Оразхан Қайыржанұлы – «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқаушы кеңесінің төрағасы. «Құрмет» орденінің иегері.

Серіктестік қаржылық, құрылыс және мұнай-газ саласындағы жобаларды игерумен айналысып, Ресей мен Қазақстан аумағында басқа да бірқатар бірлескен жобалармен жұмыс жасап келеді.

Оразхан Қайыржанұлы игілікті істердің бастамашысы болып, «Кайсар» футбол клубы мен облыстық мұражайға, «Сырдария ұрпақтары», «Атамекен Стартап», «Ақ бөкен» және «Сырдария» қоғамдық қорларына демеушілік көрсетіп, балалардың білім алуына, жазғы демалыстарын өткізуге, қарттар мен жетімдер үйіне қайырымдылық көмегін аямаған Сыр жанашыры.


ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ Қазыбай – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Мәскеудегі Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері әрі үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Қазыбай Құдайбергенұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру қызметін, ғылыми және кадрлық әлеуетін заман талабына сай нығайту ісіне елеулі еңбегін сіңірген қайраткер азамат.

200-ден аса ғылыми мақаланың, бірнеше монография мен оқу құралдарының авторы.

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

АЛИЕВ Садық – Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Садық Алиев Жалағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлес қосқан.

Қазіргі таңда аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен дамуына үлес қосып келеді.


ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ Қорғанбек – еңбек ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы.

Еңбек жолын қарапайым механизатор болып бастап, әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.

Аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосты.

Ел дамуы жолында жанашырлықпен еткен қызметтерінің арқасында, елдің құрмет тұтар тұлғасына айналды.
Бүгінде Қорғанбек Қайроллаұлы мерейлі сексен жасқа толып, үлкен әулеттің қазыналы қариясы ретінде дүйім жұртшылықтың сый-құрметіне бөленуде.


РАХИМОВ Тастемір Сауранбайұлы – құқық қорғау саласының ардагері. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

Еңбек жолын Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеушісі ретінде бастап, әр жылдары Сырдария және Арал аудандарының прокуроры, Қызылорда облысының ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы қызметтерін абыроймен атқарған.
Тастемір Сауранбайұлы заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп, аймақтағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға өз үлесін қосты.


СҮЛЕЙМЕНОВ Кенжеғара – Жалағаш ауданының Құрметті азаматы. Жалағаш аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, абырой беделін арттыруға үлес қосқан мемлекеттік қызмет саласының ардагері.

Бүгінде қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде аудан үшін маңызды шешімдерді қабылдау кезінде тұрғындар мен қоғамның пікірін, ортақ мүддеге бағыттау жолында абыройлы жұмыс жасап келеді.


ҚЫСТАУБАЕВА Азия – Жаңақорған аудандық «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшы механизатор ретінде бастап, әр жылдары күрішші, күріш звеносының бригадирі, Сунақата ауылдық округінің әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.

30 жылдан аса мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп, Сунақата ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты.

Бүгінгі күні қоғамдық бірлестік төрағасы ретінде бала тәрбиесі және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталған.


ОРАЗМАХАНҰЛЫ Шынжырбай – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Көп бейінді облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер-нейрохирург. Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

Шынжырбай Оразмаханұлы аса күрделі күрделі нейрохирургиялық оталар жасау барысын жетілдіріп, жаңа емдік тәсілдерді енгізуге сүбелі үлес қосқан алтын қолды дәрігер.

Аймақта жедел және жоспарлы түрде өтетін жылына 600-ге жуық күрделі оталар жасап, ақ халатты абзал жан ретінде барша қауымның құрметіне бөленіп келеді.


ОҢҒАРБАЕВ Аманжол Сақыпұлы – «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты.

Қазақстан Республикасының журналистер одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Аманжол Сақыпұлының басшылығымен аймақта баспа баслымдарды жариялау, тарату қызметтері жүйелі жолға қойылып, аймақтың тыныс-тіршлігі туралы маңызды жаңалықтар кеңінен ақпараттандырылуда.

Қазіргі кезде жаңалық жаршысы ретінде серіктестік құрамында 3 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық редакциялар мен бірге ақпараттық агенттіктері жұмыс жасап келеді.

Жақында серіктестік құрамындағы облыстың бас басылымы – «Сыр бойы» газеті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырылуымен өткен дәстүрлі «URKER-2023» байқауында жүзден жүйрік шығып «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.


ИБРАЕВ Рашид Өткелбайұлы – «Бастау-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

Мұнай кен орындарында сервистік қызмет көрсету және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізумен айналысатын «Бастау-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі күні мұнай саласында өнеркәсіптік нысан құрылыстарын салу жұмыстарынан бастап, автокөлік қызметтерін қоса дамытуда.

Рашид Өткелбайұлы аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауда бастамашылық танытып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысып келеді.


САТАНОВ Мирамбек Амантайұлы – «Най-Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

«Най-Мир» жауапкерлішігі жектеулі серіктестігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын 25-30 мың тонна өнім өндіріп, еліміздің өзге облыстары мен шет мемлекеттерге экспорттап келеді.

«Най-Мир» жауапкерлішігі шектеулі серіктестігі 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде.


БАЙМАНОВ Шахмардан Асқарұлы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы қызметін абыроймен атқарған.

Шахмардан Асқарұлы жаңашыл көзқарасымен мемлекеттік басқарудың қазіргі заманға сай барлық әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші ретінде мемлекеттік кәсіби аппарат қызметін жетілдіру мен дамытуға өз үлесін қосуда.


ШАЛҚЫБАЕВ Қанат Әйтішұлы – «Шалкибаев Қ.А.» жеке қыш шығару зауытының басшысы.

Қанат Әйтішұлының жеке қыш шығару зауыты Қызылорда облысының барлық аймақтарын күйдірілген қыш материалдарымен қамтамасыз етіп, туған жеріміздің сәулет және қала құрылысы саласының дамуы мен өркендеуіне ерекше атсалысып келеді.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж жандар мен түрлі апаттардан зардап шеккен жерлестеріміздің баспаналы болуына үлес қосып, 3,5 миллион дана күйдірілген қыш көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.


МАУБАЙ Жайықбек Жетесұлы – «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

Аймақта жаңа технологияларды қолдану арқылы тіршіліктің негізгі күретамырына айналған жоғары сапалы жол құрылысын жүргізіп, күре жолдарды қайта жаңғыртуда Жайықбек Жетесұлының өзіндік қолтаңбасы бар.

Серіктестік аймақтағы ілкімді жобаларды жүзеге асыруға демеушілік танытып, қайырымдылық шараларына ерекше үлесін қосып келеді.


БАҚЫТБЕКҰЛЫ Нұркен – «Ер-Ару-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты. Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы.

Аймақта жоғары сапалы тұрғын үйлер, заманауи кеңселер мен сауда үйлерін салып, абаттандыру жұмыстарына әр берген.

Қарқынды құрылыс алаңына айналған аймақ экономикасының өсуіне атсалысып, Қызылорда қаласын Республика бойынша ірі қалалардың деңгейіне жетуіне өз үлесін қосуда.


МОЛЖАНОВА Алтынай Бекмағанбетқызы – «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Анаға тағзым» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Алтынай Бекмағанбетқызы 30 жылға жуық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде «Қызылорда» телеарнасында жемісті еңбек еткен, аймағымызға белгілі белді журналист, ел жанашыры.

Халықтың көңілінен орын алған телеарнадағы бірқатар жобалар мен ақпараттық-танымдық хабарлардың авторы, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ақпарат саласының үздігі.


ИБРАЕВ Нұрболат Балтабайұлы – «Орда – Автодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

Қызылорда облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына үнемі қолдау көрсеткен жомарт жүректі кәсіпкер.


ҚАРАМҰРЗАЕВ Сәбит Қылышбайұлы – «Шыңғыс құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Сәбит Қылышбайұлы облысымыздың сәулет келбетін көркейтуге өз үлесін қосып келе жатқан құрыш қолды құрылысшылардың бірі.

2023 жылы аймағымызда бой көтерген, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, әрі қыз-келіншектер мен аналарды өмірге, тұрмысқа бейімдеуге бағытталған «Анаға тағзым» орталығы ғимаратының құрылысын жоғары деңгейде салған.

Әр жылдары облыстағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылыстарын сәтті жүзеге асырып, ел игілігіне табыстаған.


«ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

АЙЫМБЕТОВ Әділбек – Арал ауданының Құрметті азаматы. Ауыл шаруашылғы саласының ардагері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.
Ұзақ жылдар бойы ел дамуы жолында мемлекеттік қызметте аянбай еңбек етіп құрметке кенелген сала ардагері.
Бүгінгі күні іскер ұйымдастырушы, ақылшы ұстаз, жаңалық жаршысы ретінде ардагерлердің қоғамдағы ролін арттыруға сүбелі үлес қосуда.


ЫДЫРЫСОВ Серхожа – еңбек ардагері. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған тұста аудандағы күрмеуі қиын мәселелердің оң шешімін тауып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек еткен ел ағаларының бірі.


ЕРНАЗАРОВ Қайрат Шаршыбекұлы – «Бақ-Береке 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Қайрат Шаршыбекұлы аймақтағы құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар білікті құрылысшы, әрі басшы.
Өңіріміздің өркендеуіне, сапалы құрылыс нысандарының бой көтеруіне айрықша үлес қосуда.

Кәсіпкер аймақтағы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.


ДӘРІБАЕВА Гүлсім Әбілқасымқызы – «Ақмая» шаруа қожалығының күріш бригадирі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Еңбек ұжымында 40 жылдан астам уақыт бойы ер адамдармен иық тіресіп, қарапайым жұмысшыдан күріш бригадасының басшысына дейін еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинақтаған сала маманы.

2023 жылы «Ақмая» шаруа қожалығымен егілген 400 гектар күріштің әр гектарынан 65 центнерден өнім алынып, жалпы көлемі 2 600 тонна сыр салысы өндірілді.

Бұл нәтижелерге қол жеткізуде Гүлсім Әбілқасымқызының күріш бригадасының елеулі еңбегі бар.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылық саласында жинаған мол тәжірибесін жастарға үйретіп, еңбексүйгіштікке баулып келеді.


«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен НАГРАДТАЛАДЫ:

МӘУИЯҰЛЫ Рахим – еңбек ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы.

Еңбек жолын мұғалім ретінде бастап, 30 жылдан аса мемлекеттік қызметте абыройлы қызмет атқарып, Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан.


ҚҰЛДҮЙСЕНОВ Әбдірахман – еңбек ардагері, Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.

45 жылға жуық уақыт Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жемісті еңбек етіп, аудан дамуына атсалысты.


БАЯЛИМОВ Дәулетияр Айтмағанбетұлы – су шаруашылығы саласының ардагері.

1994-2013 жылдары өңір үшін аса маңызды Арал теңізін сақтап қалу және құтқару мақсатында құрылған «Халықаралық Аралды құтқару қорында» аянбай еңбек еткен.


ОРАҚБАЕВ Жәдігер – еңбек ардагері.

50 жылға жуық жеке сектор мен мемлекеттік қызметте абыройлы қызмет атқарған сала ардагері ретінде аймақтағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосып келеді.


ҚАЛТАЕВ Ануарбек – ауыл шаруашылығы саласының ардагері.

Ануарбек Қалтаев Сырдария, Жаңақорған аудандарының әкімі және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінде ұтымды ұйымдастырушы, жаңашыл басшы ретінде өңіріміздің өркендеуіне зор үлес қосқан.


ИСМАИЛ Өркен Әзімханұлы – Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Өркен Әзімханұлы аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде биліктің халықпен сабақтастығын жалғауға мол үлесін қосып келеді.

Қазқастан Республикасының Мәдениет қайраткері, Ішкі істер органдарының «Құрметті ардагері», Шиелі ауданының Құрметті азаматы.


ТАНРАХБАЕВ Жүзбай Ибрагимұлы – «Кәсіпкер келбеті» газетінің бас редакторы, ардагер журналист.

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.

Аймақтағы кәсіпкерлік саласының дамуы мен өзекті мәселелеріне қатысты кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.


БӨРІҚҰЛАҚОВ Талайлы Әмитжанұлы – еңбек ардагері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы.

Талайлы Әмитжанұлы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметпен қатар Қазалы ауданындағы қоғамдық-мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуына атсалысып келеді.


ЫДЫРЫСОВ Серік Махмудұлы – айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Жанқожа батырдың мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысында, Ы.Жақаевтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында ерекше көзге түсіп, аймақ абыройын асырған.

Абайдың 150 жылдығына арналған Абай атындағы сыйлықтың лауреаты, Әль-Фараби, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы төсбелгілердің иегері.


СӘРМЕНБАЕВ Берік Әбдіғаппарұлы – Сырдария ауданының әкімі.

Еңбек жолын «Казторгстрой» трестінің тасқалаушысы ретінде бастап, әр жылдары мемлекеттік және жеке секторларда қарапайым маманнан бастап, басшылық лауазымдарға дейін қызметтерде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.


ЖҰМБЕК Тасқын Егембергенұлы – «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы.

Тасқын Егембергенұлы ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосуда.
Жыл сайын өтпелі қиындықтарға қарамастан егіннен мол өнім алып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.


ЖАЛҒАСБАЕВ Жомарт Жақсылықұлы – «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Жомарт Жақсылықұлы жаңа технологияларды пайдалана отырып ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде күріш, арпа, бидай, жоңышқа дақылдарын өсіріп, жыл сайын жоғары өнім жинап келеді.

Қазіргі таңда «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 105 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


ШАЛҒЫМБАЕВ Мырзабай Шалманұлы – «Ахат+ГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Мырзабай Шалманұлы Қармақшы, Шиелі аудандарындағы елді мекендерде клуб және облыс көлемінде 12 дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізіп, ел игілігіне пайдалануға берген.


АХАТОВ Нұржан Сәбитұлы – Шиелі ауданының әкімі.

Нұржан Сәбитұлы білікті маман әрі тәжірбиелі басшы ретінде облыстың әлеуметтік-саяси, экономикалық көрсеткішін көтеруге өз үлесін қосып, аймақтағы кәсіпкерлік саласын арттыру жолында елеулі қызмет атқаруда.


САРАБЕКОВ Әділбек Сербайұлы – «Қазалы Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

Өңірдегі бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізіп, қазіргі замандағы технологиялардың қолданылу арқылы облыстың құрылыс саласының дамуы мен құрылыс сапасының артуына сүбелі үлес қосқан.


БЕРДІБАЕВ Ерлан Құлахметұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.

Мемлекеттік қызметтегі жауапты лауазымдарда аймақ дамуына мол үлесін қосты.


ЫСҚАҚОВА Лиза Ноғайқызы – Қызылорда облысының білім басқармасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2014 жылдан Жетім баллар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің директоры қызметін атқарып келеді.


МҮБАРАКОВ Қамбарбек Амангелдіұлы – Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы.

Қамбарбек Амангелдіұлы мемлекеттік қызметті асқан жауапкершілікпен атқарып, бюджет түсімдері мен мен бюджет шығыстарының тиімді атқарылуы бойынша сан түрлі бағдарламалық құжаттарда, аймақтың қаржы, экономика салаларын дамытуға қомақты үлес қосқан.


ҰЛЫҚПАН Сәбит Ұлықпанұлы – композитор, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанындағы «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

Сәбит Ұлықпанұлының шығармашылық туындылары республикалық және халықаралық композиторлар мен әншілер байқауында топ жарып, бас жүлделерді иемденген.

Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі.


ЕСЖАНОВ Асқарбек Темірбекұлы – Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы.

Асқарбек Темірбекұлы аймақтың әлеуметтік саласын дамытуда белсенділік танытып, 20 жылдан аса мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып келеді.

Өңірдегі білім саласын арттыру жолында елеулі қызмет атқаруда.


БӘКІРОВ Ерлан Әмірханұлы – Қызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары.

Мемлекеттік кәсіби аппарат қызметіні қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп, жауапкершілік жүгі жоғары қызметті мінсіз атқарып келеді.


ИСКАКОВ Марлен Қалилаұлы – «Премиум Класс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Тәулігіне 180 тонна әк өнімдерімен өндірумен айналысатын «Премиум Класс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аймақты абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосып келеді.

Бүгінгі күні серіктестікте 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


БЕРДЕНОВА Жанар Серікқызы – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек етіп, кәсіпкерлік саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан тәжірибелі маман.


БАЙМАҒАНБЕТОВ Дүйсенәлі Бекенұлы – Қызылорда Автобус паркінің слесарі.

40 жылдан аса аймақ тұрғындарын жолаушылар көлігі тасымалы қызметімен қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келеді.


УРМЕТ Қазихан Шәдімаханұлы – «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі.

Қазихан Шәдімаханұлы 38 жылдан аса «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі ретінде шаруашылықпен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде күріш, арпа, бидай, жоңышқа дақылдарын өсіріп, жоғары өнім жинауға өз үлесін қосып келеді.


АЙМЕНОВ Мұрат Ахметбекұлы – «Aray Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

«Aray Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аймағымызды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосуда.

Сонымен қатар серіктестік қайырымдылық шараларға да белсене ат салысып, тұрмысы төмен отбасыларды демеушілік есебінен қажетті заттармен қамтамасыз етуде.


«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

ҚҰРАМЫСОВА Жанат Ашанқызы – Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

Ұзақ жылдар бойын аймақтағы мәдениет саласында жемісті еңбек етіп, өңірдің мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан.


ҚҰРАҚБАЕВА Кенжегүл Құрақбайқызы – Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.

Қала бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты әлеуметтік қамту бойынша жұмыстарды үйлестіруде жанкешті еңбек етіп келеді.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН НАГРАДТАЛАДЫ:

МАНСҰР Нұрмат Абдуллаұлы – Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры. Айтыскер ақын. Сырдария ауданының Құрметті азаматы.

Дарынды ақын, қарымды журналист.

Халықаралық және республикалық айтыс додаларының жеңімпазы ретінде өңіріміздің мәдени-рухани дамуына үлес қосқан.


УӘЛИЕВ Айбек Болатбекұлы – «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы.

Айбек Болатбекұлы серіктестікте жұмыс атқару барысында жақсы көрсеткіштермен көзге түскен, ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан жас мамандардың бірі.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: