Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көші-қон: Қызылорда облысындағы ахуал қандай?

19.10.2023, 10:20 290

Кімнің Швейцария, Стамбул, Дубай деген әлемге әйгі­лі қалаларға барып, көргісі келмейді дейсіз? Бәріміз қызыл­ды-жасылды жерге баруды мақсат етіп аламыз, тіпті бөліп төлеу пәрменімен ақша алып, шетел аралайтындар да жетерлік. Турист атанып келгендерден өзге қаланың тіршілігін сұрасаңыз, «бәрі тамаша, бәрі идеал». Бірақ, мына бір қызық мәліметке қараңыз, жыл басынан бері жарты жылдың ішінде елден көшкендерге қарағанда біздің мемлекетке қоныс аударуға келгендердің саны басым. Яғни қаңтар-мау­сым айларында елімізге 13,7 мың адам келді, бұл былтырғыдан 87,3%-ға артық. Ал осы аралықта елден 7 мың адам кеткен, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстыр­ғанда 43,3 %-ға аз. Келгендер саны кеткендер санынан 2 есе көп. Соңғы жылдары елден қоныс аударғанардың саны азайып, біздің мемлекеттің тұрғыны болуға келгендер әлде­қайда арта бастаған. Ал елді мекендер кезегіне келсек, қалалардан кеткендер саны 5,5 мың адам болса, ауылдар­дан 1,5 мың адам көшкен екен. Қалаларға келгендердің саны 2,3 есе көбейсе (10,1 мың адам), ауылдарға 3,5 мың  адам  қоныс аударыпты. Яғни ол өткен жылмен  салыстырғанда  23%-ға  артқан.

Бұл ахуал аймақта қалай? Соңғы үш жыл ішінде қызыл­ордалық ағайынның саны қаншаға қысқарып, қаншаға өсті? Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бо­йынша департаментіне хат жазып, статистикамен бөлісуін сұрап едік, жауап төмендегідей.

Мұнан бөлек өңірлер бойынша кеткендердің басым бөлігі – Қостанай облысынан. Яғни былтырғыға қарағанда 25,7%-ға аз. Ол 1,1 мың адамды құрайды. Екінші және үшінші орында – Қарағанды (820 адам, 50% азайған) және Павлодар (645 адам, 56,7% азайған) облыстары. Жалпы, көші-қон мәселесі қызып тұрған тақырып емес. Біз халықтың санын көбейтуге жұмыс істеп жатқанымызбен, оны тұрақтандырып қалудың кілтін таппадық. Тіпті ол – талқыланбаған тақырыптың бірі. Жоғарыдағы цифр аз болып көрінгенімен, бұл – тек Қызылорда облысы бойынша алынған ақпарат. «Кеткендерге қарағанда, келгендердің саны артты» деп қуанғанымызбен, қоныс аударғандардың саны аз емес екенін түсінуіміз керек.

Ердәулет  СӘРСЕНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: