Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылды ауқымды жобалар түлетеді

18.09.2023, 15:10 320

HALYQLINE.KZ

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі Қарауылтөбе ауылдық округінде жалғасты. Бұл кездесуде шаһар басшысы ауылдың даму бағытына қысқаша тоқталып, атқарылған жұмыстар барысын таныстырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 204,4 млн теңгеге толымды тірліктер жасалды. Жылда тұрғындар тарапынан ескерту алатын бірқатар аумақ абаттандырылды. Санитарлық тазалыққа ден қойылып, түнгі жарықтандыру жұмыстары жанданды. Нәтижесінде округтің жаңа қоныс аумағындағы 1, 3, 5-ші және А.Иманов пен А.Құнанбаев көшелеріне жарық бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген 285,1 млн теңгеге 12 көшеге қиыршық тас төселді. Бірнеше көшеге орташа жол жөндеу жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолы да салынып, жаңадан қоныстанушы аумаққа жаңа спорт алаңын жүргізу жоспарға енгізілді.

Ал, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 274,4 млн теңгеге салынған 150 орындық клуб жақын күндері пайдалануға беріледі.

Кездесуде тұрғындар қала әкіміне өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдады. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов әрбір мәселе жіті зерттеліп, оның шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: