Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 59-шы сессиясы өтті

04.05.2020, 19:06 430

HALYQLINE.KZ –| 4 мамыр күні қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХІХ (елу тоғызыншы) сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне 5 мәселе енгізіліп, талқыланды.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №278-53/2 шешіміне тиісті өзгерістер енгізілді.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе «2019 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы” қалалық қаржы бөлімінің басшысы С.Айменовтің хабарламасы тыңдалды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаев және қалаға қарасты кент, ауылдық округтер әкімдері қосымша хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік біржолғы төлем тағайындау көзделген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы №315-58/4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» мәселесі депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.


Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне толықтырулар енгізіліп, «Қызылорда қаласы аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №240-43/5 шешімінің күші жойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: