HALYQLINE.KZ –| «Көктемнің бір күні жылға азық». Қазалылық диқандар күн жылынғаннан жер тырмалап, егін егуге дайындықты бастап кетті. Қазір шаруалар егістік жерді тазалау мен жер жыртуды аяқтап, тұқым себу жұмыстарын қолға алуда.
Сенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр маржаны» ЖШС-ның егістік алқабында алғашқы дән себу рәсіміне қатысып, диқандарға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, егіс алқабында салалық мекемелер және шаруашылық басшыларымен кездесіп, күріш егу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы диқандарға күріш егу науқанын оңтайлы мерзім ішінде аяқтау үшін ұйымдастыру шараларына аса мән беріп, барлық агротехникалық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін тапсырды.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша биыл 6341 гектар жерге күріш дақылын орналастыру межеленген. Бүгінгі күні оның 350 гектарына тұқым себіліп, 200 гектары суға бастырылған.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!