Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде 8,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді

12.09.2023, 17:10 241

HALYQLINE.KZ

Биылғы қаңтар-тамызда айларында  республикада 8,3 мың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға аз. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Былтыр ЖКО саны 9,4 мың болған, көрсеткіш бір жылда 13,5% көбейген.

ЖКО көбі Алматыда тіркелді. Онда жыл басынан бер  2 мың жөл-көлік оқиғасы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда  28% азайған.

Одан кейінгі орындарды Алматы (826 оқиға, 41,9% азайған) мен Жамбыл (614 оқиға, 40,3% азайған) облыстары иеленіп тұр.

ЖКО ең аз болған өңір – Ұлытау облысы. Бұл облысты 42 оқиға тіркелген. Одан кейін Атырау және Қарағанды ​​облыстары: тиісінше 200 және 208 оқиға.

Биыл қаңтар-тамызда ЖКО салдарынан 11,9 мың адам зардап шекті, бұл былтырғыдан 14,1% аз. Оның ішінде жараланғандар саны 15,7% азайып, 10,4 мың болды. Оның 6 мыңы ер, 4,4 мыңы әйел. Зардап шеккендердің 2,4 мыңы кәмелетке толмағандар, көрсеткіш бір жылда 9,8% азайған. 5,7 мың зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, көрсеткіш 3% азайған.

Жыл басынан бері ЖКО салдарынан 1,5 мың адам қайтыс болды — былтырғыдан 0,7% аз, оның ішінде 1 мыңы ер, 433-і әйел. Қайтыс болғандар арасында 189 кәмелетке толмағандар бар, көрсеткіш бір жылда 24,3% көбейген.

Өңірлер бойынша Алматыда 2,2 мың адам, Алматы облысында 1,2 мың адам, Жамбыл облысында 1,1 мың адам жол апатынан зардап шекті.

ҚР сақтандыру компаниялары көлік жүргізу сапасы факторын тарифке енгізуді ұсынып отыр, бұл үлгілі көлік жүргізушілері үшін қызметті арзандатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz. Соңғы үш жылда олардың дерегінше, Қазақстанда жол апатынан 6,5 мыңнан астам адам қаза тапқан. Сондай-ақ, 55 мыңнан астам азамат түрлі дене жарақаттарын алып, денсаулығына зиян келтірген. Ал елде ЖКО көбейіп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: