Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барады. Бұл жөнінде Кремль мәлімдеді.
РИА Новости агенттігі Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің сөздеріне сілтеме жасап, екі елдің лидерінің екіжақты келіссөзі өтеді деп хабарлады.
Кремльдің мәлімдеуінен бұрын оңтүстіккореялық YTN телеканалы дереккөзіне сілтеме жасап, Ким Чен Ын пойызбен Ресейге шықты деген ақпарат таратқан. Ақпаратқа қарағанда, ол Владивостокқа қарай бет алған. Онда Шығыс экономикалық форумы өтіп жатыр. Путинмен 13 қыркүйекте кездеспек.
The New York Times та Ким Чен Ынның Владивостокқа сапары жайлы жазды. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Путинмен Солтүстік Кореядан Ресейге артиллериялық снарядтар жеткізу мәселесін қозғайды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!