Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі су тоспаларының жағдайымен танысты

04.05.2020, 10:20 611

HALYQLINE.KZ –| Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков аудан аумағындағы орналасқан су тоспалары мен көлдерді және қазіргі таңда су арналары қазылған каналдарды аралап көрді.

Жосалы кентінен 65 км қашықтықта орналасқан «Генерал», «Тоғызқұдық -Әлтай» және «Қашқансу» көлдерінде болып, қазіргі жағдайымен танысты.

Осы ретте, бүгінгі сапар барысында су шаруашылығының мамандары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен бірге аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан «Қожантай» су тоспасының жай-күйімен танысты.

Сапар барысында аудан басшысы Мұса Оспанұлы: «Өзен суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалануда көлдер мен каналдардың маңыздылығы жоғары. Осы орайда, табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты біздің ауданымыз үшін де су мәселесі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. Өзен ағынын реттеуде Сырдария бойындағы су тоспалардың жағдайы мен каналдардың уақытылы тазартылып, шаруашылықтарға су берілуі басты назарда болады» деп атап өтті.

Ауданымыздағы егін шаруашылығына қажетті аяқ сулар негізі Қурайлы, Наурызбай, Балажарма, Оңжағалау каналдары арқылы жеткізіледі.

Суармал егістіктегі су мәселелерін шешу мақсатында биылғы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қурайлы арнасының 37,7 км аумағы тазартылған болатын.Бұл өз кезегінде шаруашылықтардағы аяқ су мәселесінің шешілуіне мол мүмкіндік береді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: