Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шындық шырылдап жетеді

17.08.2023, 12:15 325

HALYQLINE.KZ

11 тамыз күні талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенованы Жетісу облыстық Полиция департаменті тергеуге шақырып, оған 147-бап бойынша ауыр айып тақты. Изоляторға 8 сағат бойы қамап, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ең сорақысы сол журналистке тінту жасау барысында қорлық көрсеткен. Яғни, тергеушінің кабинетінде шешіндіріп, сол сәтті видеокамераға түсірген. Оның үстіне кабинетке әлдебіреудің бақылап отыруы үшін тағы бір камера қойылған екен.

– Менің бала-шағам, немерелерім, күйеу балаларым бар. 55 жастағы әйелмін. Бірақ соған қарамастан, осылай шешіндіріп, қорлық көрсетті. Бұл видеоның басқа жаққа тарап кетпесіне кім кепіл? Ертең видео тараса, мына Сандуғаштың шешініп тастағаны несі деп біреу айтуы мүмкін ғой, – деп ашынды журналист.

Жетісу облыстық Полиция департаменті тергеу барысы Қылмыстық-процестік кодексінің қатаң талаптарына сәйкес жүзеге асырылды деп есептейді. Алайда, бұл уәждің дұрыстығын қуаттайтын жан болмады. Сандуғаштың әріптестері мен жанашырлары аталған әрекетті «кәсіби журналисттің аузына қақпақ қою» деп түсінеді.

Елімізде журналистерді қысымға алу, қандай да бір жолмен олардың қызметін шектеу оқиғаларына көз үйреніп кеткендей. Оған мысал ретінде 24 шілдеде «Сарағаш-информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбековтың кезекті рет әкімшілік қамаудан босап шыққанын айтсақ та жеткілікті. Кейінгі уақытта аймақтардағы тілшілердің «қол-аяғы» маталып қалғандығы туралы сөз болып жүр. Өз шеңберімен жүрмегендерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тәртіпке салу әрекеттері жүзеге асырылады екен.

Жазылған мақалама қатысты мені атуға оқталып, ол оқ ұлыма тиді. Құдай сақтап, оның жаны аман қалды. Газетке жазылған сын үшін журналистке бұдан артық қандай қысым болуы мүмкін? Өз қызметіне адал емес мемлекеттік қызметкерлер адамның аузын жабу мақсатында сан түрлі әрекетке барады. Аймақтағы тілшілер көресіні солардан көріп келеді, – дейді журналист Амангелді Батырбеков.

         Жалпы, журналистер жоғарыда атап және айтылмай кеткен сан түрлі қысымдарға кездесіп жатады. Олардың аузын жабуға тырысқандарға қызметіңді адал атқар дегіміз келеді.

ТАСҚАРА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: