Кәсіпқой бокстан WBA және IBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған Бейбіт Шүменов Астанада бала көтеріп тұрған адамды соққының астына алды. Оқиға қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған .
Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мұны ІІМ вице-министрі Қайрат Сөнтаев растап, спортшының төбелес (соққыға жыққан кезде – авт) кезінде сау болғанын айтты.
«Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, күні кеше ғана министр бұл мәселені көтерді. Бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр», – деді ол.
Сондай-ақ, вице-министрге журналистер «соққыға жыққан адамның кәсіпқой боксшы болуы жауапкершілікті ауырлата ма» деген сауал қойды.
«Ол ұзақ уақыт бойы бокспен айналыспады, сараптама нәтижесі қандай болатынын күтейік», – деп жауап берді Қайрат Сөнтаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!