Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Қылмыс деңгейі төмендеді ме?

05.07.2023, 16:25 201

HALYQLINE.KZ Қызылорда облыстық прокуратурамен жыл сайын құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше басымдық беріледі. Сәйкесінше, аймақта биыл қылмыс деңгейі 22 пайызға төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов мәлімдеді.

– Өңірде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған азаматтар қылмысқа қайта бармас үшін біздің бастамамызбен арнайы жұмыс топтары құрылды. Нәтижесінде, қылмыстарды қайта жасауға бейім адамды бақылауда ұстау мақсатында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Олардың ішінде, тәуекел тобындағы адамдарды бақылауда ұстауға жергілікті бюджеттен электронды смарт білезіктер сатып алу үшін 84 млн теңге бөлінді. Бұл білезіктер тиісті тұлғаларға орнатылады. Айта кетейін, аймағымызда қылмыстардың алдын-алу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіліп және оның барысы өзімнің тікелей жеке бақылауымда болады. Басқа да құқық қорғау органдарымен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Нұрлан Дәуренұлы.

Сондай-ақ елді мекендерде төрт түліктерді жаю жұмыстары бір жүйеге түсіп, ұйымдастырылған. Нәтижесінде мал ұрлығы 54 пайызға дейін азайды.

– Қазіргі таңда жүйелі түрде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. «Алаяқтан сақтанайық» тақырыбында қала тұрғындарына жадынамалар таратылды. Бұған қоса, халық көп шоғырланатын жерлерде автобустарда халықты құлақтандыру бағытында Жаднама түрінде әзірленіп, ілінді. Нәтижесінде, алаяқтық қылмысы 6 пайызға, оның ішінде интернет алаяқтық 48 пайызға төмендеді. Мұнан өзге, биыл бюджетке 600 млн теңгеден астам қаражат түсіруге қол жеткізіп, 7 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Одан бөлек, жыл басынан бері 83 мың га болатын 120-ға жуық игерілмеген жайылымдық жер учаскелері анықталды. Сәйкесінше, 19 мың гектардан асатын 50 учаске мемлекетке қайтарылды, – деді Нұрлан Дәуренұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: