Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абайдағы өртке жауапты күдіктілер үйқамаққа алынды

03.07.2023, 9:57 260

HALYQLINE.KZ

Абай облысындағы өрт бойынша «Семей орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі бөлімшесінің басшылығы күдікті ретінде танылды. Бұл жөнінде 1 шілдеде бас прокуратура хабарлады. 

Күдіктілер «жасы мен денсаулығына байланысты» үйқамаққа алынған. Олардың саны айтылмайды.

«2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған («Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»), деп жазылған хабарламада. Тергеу жалғасып жатыр.

Бас прокуратураның айтуынша, өрт себебіне қатысты барлық болжам қарастырылып жатыр. Арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды бар.

Абай облысындағы өрттен 15 адам қаза болған. 14-і – «Семей орманы» Жаңа Шүлбі бөлімшесінің 14 қызметкері және жергілікті тракторшы. Полиция қаза тапқан тракторшыны өрттен емес, жүрек талмасынан қайтыс болды деп есептейді.

Маусым ортасында өрт аумағы 60 мың гектардан астам екені айтылды. Орманшылардың туыстары жақындарын өрт сөндіруге тиісті техникасыз жібергенін айтқан. Тіпті үстерінде өртке қарсы киетін киімнің өзі дұрыс болмаған. Өртті сөндіру кезінде қаза тапқан 14 адамның отбасына «Қазақстан халқына» қорынан жеті миллионнан төленетіні, кәмелетке толмаған барлардың санына қарай барлығына қосымша екі миллион теңгеден бөлінетіні айтылған.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуротурасының орныбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында өртке жауапты барлық лауазымды тұлғалардан жауап алынатынын айтқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: