Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өртке байланысты басшылардың бәрінен жауап алынады – Бас прокуротура

14.06.2023, 13:05 263

HALYQLINE.KZ

ҚР Бас прокуротурасының орныбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында Абай облысындағы өртке байланысты журналистер сұрағына жауап берді.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тергеу енді ғана басталғандықтан, шенеуніктердің әрекеті әлі анықталған жоқ.

«Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өз міндеттеріне, қызметтеріне жауапсыз қарап, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамау салдарынан осындай оқиғалар мен азаматтарымыздың өліміне себеп болған кінәлі лауазымды тұлғалар анықталатын болады», – деді Өмірәлиев.

Осы орайда журналистер Бас прокурордың орынбасарына экс министр Юрий Ильиннен, Экология министрі Зүлфия Сүлейменовадан, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтан және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алына ма деп, анықтап сұрады.

«Жауап алынатын адамдар арасында өртті сөндіруге жоғарғы басшылар ғана емес, орта буын басшыларының да қатысы бар екенін ескерсек, қазіргі уақытта олар өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып жатқандықтан біз оларды мазаламаймыз. Олардан міндетті түрде жауап алынады. Басқа да тергеу әрекеттері жедел-іздестіру сипатында жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қызметінен алынған Юрий Ильинге тексеріс жүргізілетінін айтқан болатын. Оқиға салдарынан 14 адам қаза тапты. Полиция 15-ші азаматтың өрттен қаза тапқанын жоққа шырғарып, «жүрек жетіспеушілігінен» деп есептейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: