Ресейдегі Камчаткада Ключевская жанартауы атқылай бастады. Бұл туралы Жанартаутану және сейсмология институты хабарлады, деп хабарлайды «Информ бюро«.
«Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді», – делінген институт хабарламасында.
Ключевская жанартауының биікктігі – 4750 м. Ол соңғы рет 2020 жылғы қазанда атқылаған болатын.
Жанартауға ең таяу орналасқан елді мекен – Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы. Ол жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан. Дегенмен институт мамандары жанартау атқылауынан елді мекендерге қауіп жоқ екеніне сендіріп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!