Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейрамханада газ баллоны жарылды

22.06.2023, 15:21 203

HALYQLINE.KZ

Мұндай адам шошырлық оқиға Қытай елінде болған. Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданында сұйытылған газ баллонының жарылуы салдарынан 31 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған Синьхуа агенттігінің мәліметін аударған Halyqline.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға үш күндік «Айдаһар-қайықтар» фестивалі қарсаңында болған. Бұл күні барлық халық бір-бірімен мейрамханаларда кездеседі. Міне, сондай мейрамханалардың бірінде оқыс оқиға болды. Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:40-та (Қызылорда уақытымен 17:40) Ниншя-Хуэй автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Инчуань қаласындағы мейрамханалардың бірінде сұйытылған мұнай газының ағуынан жарылған. Салдарынан 31 адам қаза тауып, оның 7-еуі жараланған. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліпті. Қазіргі таңда, бір адамның жағдайы өте ауыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру және құтқару қызметі жарылыстан кейін оқиға орнына 100-ден астам адам мен 20 техника жібергенін хабарлады. Жергілікті билік жан-жақты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, жараланғандарға дұрыс күтім көрсетуге, зардап шеккендер санын барынша азайтуға шақырды. Бейсенбі күні таңертең құтқару жұмыстары аяқталды.

Оқиғадан кейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қауіп-қатерлерді жойып, негізгі нысандардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлады Қытайдың орталық телеарнасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: