Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абайдағы өрт: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

14.06.2023, 12:08 254

HALYQLINE.KZ

Абай облысындағы өрт салдарынан тұрғындарды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа ресми қызметкерлерлермен қатар еріктілер де атсалысуда. Орман өртінен туындаған қатты түтіннің салдарынан Талица, Половинки және Бұлақ ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып, Семей қаласындағы колледж жатақханаларына уақытша орналастырылды.

«Бізді екі рет эвакуациялады. Алдымен 9 маусымда қатты түтіннің кесірінен шығарып, педагогикалық колледжінің жатақханасына орналастырды. Келесі күні таңертең үйге қайттық. Бірақ бір сағат өткен жоқ, өрттен шыққан түтін ауылды қайтадан жауып тастады. Түнде қараңғы болды. Тағы да эвакуация жарияланды. Полицейлер үйлерді аралап, әрқайсымызға ешкім қалмас үшін ескерту жасады. Енді бізді электротехникалық колледждің жатақханасына орналастырды. Әр отбасына бөлме таңдау ұсынылды. Үлкен отбасыларға сәйкесінше үлкен бөлмелер ұсынылды. Бірақ, мысалы, бізге екі кішкентай бөлмеге – ата-анам мен үлкен ұлыма бір бөлмеде, кіші балам мен маған көрші бөлмеде тұру ыңғайлы. Күніне үш рет жақсы тамақтандырады. Асханадағы үстелде тәттілер үнемі тұрады, балалар қаласа, алаңсыз тамағын іше алады. Бір сөзбен айтқанда, біз санаторийдегідей өмір сүрудеміз. Үйлеріміз туралы уайым болмаса, жай ғана рахаттанып демалуға болар еді», – деп ризашылықпен атап өтті Талица ауылының тұрғыны Әсел Қадырбекова.

Эвакуацияланған 28 баланың арасында биоцентрге, қалалық мұражайларға және ойын-сауық орталықтарына тегін сапарлар ұйымдастырылды. Жатақханада екі ауысымда Семей теміржол ауруханасының дәрігерлері кезекшілік етіп, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде.

«Кеше бәрімізді моншаға апарды, жуынуға қажетті заттар, сүлгілер берілді. Эвакуация кезінде үй аяқ киімімен шыққан зейнеткерге ыңғайлы аяқ киім әкелінді. Жалпы, киім, аяқ киім және басқа да қажетті заттар мол. Бізге қажет нәрсенің бәрі бар. Ол үшін облыс басшылығына, еріктілерге және барлық бей-жай қарамайтын адамдарға үлкен рахмет», – деді Талица ауылының тұрғыны Ирина Михайловна Ширян.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: